Өскеменде Менделеев көшесінің атауы ауысуы мүмкін

Бұл көше Жаңа Согра кентінің орталығында орналасқан. Мұнда Бағдат Шаяхметов 20 жыл бойы басшылық еткен Титан-магний комбинаты бар.

Өскемендені Менделеев көшесі қайта аталуы мүмкін. Оған Бағдат Шаяхметовтың есімін беру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл көше Жаңа Согра кентінің орталығында орналасқан. Мұнда Бағдат Шаяхметов 20 жыл бойы басшылық еткен Титан-магний комбинаты бар.

Кенттегі орталық көшеге Бағдат Шаяхметовтың есімін беруді қалалық әкімдікке комбинаттың кәсіподақ комитеті мен ардагерлер кеңесі ұсынды. Құжаттар қалалық мәслихатқа жіберілді.

- Карантин толық алынғаннан кейін бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Тұрғындардың пікірі есепке алына отырып, ұсынысты мақұлдау бойынша шешім қабылданады. Гере тұрғындар қолдаса, ұсыныс облыстық ономастикалық комиссияға жолданады, ол жерден – республикалыққа. Оң шешім қабылдан жағдайда ғана қайта атау процедурасы жүзеге асырылады, - деді Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш.

Мәслихат хатшысының айтуынша, Менделев көшесінің тұрғындары бұл ұсынысты қолдап отыр. Ал комбинат өкілдері көшеге Бағдат Шяхметовтың есімі берілсе, мұнда жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізетініне уәде берді.

- Егер көшенің аты қайта аталатын болса, Дмитрий Менделеевтің қаланың орталық көшелерінің біріне беріледі, - дейді Александр Светаш.
Осылайша, әкімдік әлемге танымал тұлғаның есімі ұмыт болмайтынын алға тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: