Науқас 6 маусымда, сенбі күні Алматы қаласының Жібек жолы көшесіндегі 128 үйде орналасқан №30 емханаға келген. Кейін одан коронавирустық инфекциясы расталды. Осыдан кейін емханада не болғанын бас дәрігер Жарас Қалдыбаев zakon.kz тілшісіне айтып берді.
Емхана басшысы сенбі күні өздерінде коронавирус жұқтырған науқастың болғанын растады. Коронавирус белгілері бар науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онымен тікелей байланыста болған екі медицина қызметкері: емдеуші дәрігер және медбике бірден оқшауланды, - деді Жарас Қалдыбаев.
Оның айтуынша, қазір емхана қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыруда, бірақ қатаң санитарлық-эпидемияға қарсы режим аясында.
Біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз, бірақ науқастарды бұрынғыдай кіргізе бермейміз, бәрі бір-бірлеп, есік аузындағы фильтрдан өтеді. Бірақ біз, ең алдымен, тұрақты ем алатын науқастарға үйінде қызмет көрсетуге ұсыныс жасаудамыз, дәрі-дәрмектерін апарып береміз. Көбісі бған келісіп жатыр, үйде дәрі-дәрмек алып, емделіп жатыр, учаскелік медициналық қызметкерлерді үйге шақырады. Бұл науқастардың өз қауіпсіздігі үшін керек ғой, - деп сөзін қорытындылады бас дәрігер.