2020 жылдың 10 маусымында Нұр-Сұлтанда коронавирустан 4 адамның қазасы тіркелді. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Басқарма мәліметінше, бірінші науқас - 1973 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
Науқастың айтуынша, ол екі апта бойы ауырып, жұмыс орнында медициналық қызметкерлердің нұсқаулығы бойынша үйінде емделген. 4 күн ішінде оның жағдайы күрт нашарлаған. Ентігіп, тынысы тарылғанда барып қана ол ауруханаға өз бетімен келген. Жағдайының ауырлығына байланысты ол бірден жан сақтау бөліміне жатқызылды, онда оның жағдайы 4 күн бойына жақсармады және ағымдағы жылдың 8 маусымында биологиялық өлім тіркелді, деп хабарлайды ведомствадағылар.
Екінші адам да 1952 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
Биыл 3 маусымда ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Науқас қатты жөтеліп, тыныс алу кезінде оң жақ кеудесі қатты ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы да байқалған. Науқастың айтуы бойынша, ол 5-6 күн ауырып, өз бетінше емделген. Тексеруден және ем тағайындалғаннан кейін науқас жан сақтау бөліміне жатқызылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған. 5 күннің ішінде науқастың жағдайы жақсармады, ал биылғы 8 маусымда биологиялық өлім тіркелді, делінген хабарламада.
Үшінші ер адам - 1950 жылғы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тұрғыны.
Ол "жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі" диагнозы бойынша кардиолог дәрігердің есебінде тұрған. 21 мамырда науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты ол жедел түрде жан сақтау бөліміне жатқызылды, онда 19 күн бойы болған науқастың жағдайы жақсармады. Биыл 9 маусымында биологиялық өлім тіркелді, деп хабарлады облыстық басқармадағылар.
1961 жылғы төртінші ер адам - Алматы қаласының тұрғыны, ол құжат бойынша Алматы қаласының № 25 қалалық емханасына тіркелген.
1 маусымда науқас өз бетімен Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханамен байланыс орнатты, тексергеннен кейін жағдайының ауырлығына байланысты ол дереу уақытша ауруханаға жатқызылды, онда ол жансақтау бөліміне жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 8 күн ішінде науқастың жағдайы жақсармады және биыл 10 маусымда биологиялық өлім тіркелді, деп хабарлады ведомствадағылар.