Карантин кезінде Сенат депутаттарына қалай дауыс беріледі - ОСК жауабы

s0.rbk.ru
Денсаулық сақтау министрлігімен үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі және сайлау күніне қатысты қосымша мәселелер қарастырылуда.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Сенат сайлауы кезіндегі бірқатар сайлау шаралары жалпыға бірдей сипатқа ие емес екенін ескерте отырып, онда маска режимін сақтау, санитарлық зарарсыздандыру құралдарын қолдану және әлеуметтік қашықтықты сақтау жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулыда республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне карантиндік ерекшеліктерді ескере отырып, материалдық-техникалық жағдай жасау бойынша нақты барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету пункті қарастырылған, - деді Петров.

Сонымен бірге ол сайлау іс-шараларының бір бөлігі жалпыға бірдей қоғамдық сипатқа ие емес екенін айтты.

Біз қазір бірқатар сайлау шаралары үлкен қоғамдық сипатқа ие емес екенін ескере отырып, сайлау кезінде маска кию режимін, дезинфекциялық заттарды қолдану мен әлеуметтік қашықтықты жеткілікті түрде сақтау қажеттігін ескертеміз, - деп түсіндірді ол.

Дегенмен сайлау күні сайлаушылардың көп жиналуы мүмкіндігіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігімен үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі және сайлау күніне қатысты қосымша мәселелер қарастырылуда, - деп сөзін түйіндеді ОСК төрағасының орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі