Алматыда Көк базар жабылды

Ашық дерекөздерден алынды
Сонда Көк базарда КВИ жұқтырған қызметкерлерінің жалпы саны - 20 адам.

Көк базар территориясында орналасқан "Достар-Коммерц" базары қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті іс-шаралар мен эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін Көк базар жұмысы тоқтатылғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz .

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин атап өткендей, кәсіпкерлік нысандарында карантиндік режимнің сақталуын қадағалау үшін әкімдіктің, полиция бөлімінің, СЭС-тің және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен тұратын бақылау тобы құрылған.

Алдында осындай мониторингтік топ Көк базар аумағында тексеру жүргізіп, тұтынушылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрия құрылғысы қондырылмағынын, тұтынушылар әлеуметтік қашықтық сақтау үшін белгілер салынбауын, жеке қорғаныс құралдары барлық жерде бірдей қойылмағанын жою, рұқсат етілген жұмыс режиміне сәйкес келмеу фактілерін анықтаған болатын.

Анықталған тәртіп бұзушылықтарға байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды және Медеу ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Достар-Коммерц" компаниясының қызметін 2020 жылдың 13 маусымынан бастап сот шешімі шыққанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілуге ​​дайындалуда.

Коронавирус инфекциясының бірінші жағдайы анықталуына байланысты жүргізілген зерттеу барысында базар әкімшілігі қызметкерлері арасынан тағы 19 жағдай анықталды. Сонда Көк базарда КВИ жұқтырған қызметкерлерінің жалпы саны - 20 адам. Сатушылар арасынан ауру жұқтырғандар тіркелген жоқ. Қайтыс болған адамға (базар әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің қызметкері) қатысты өлімнің себебін қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ тесті оң нәтиже берген науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия белгілейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты