Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы отырысында сөз сөйледі

Ж.Құспанов
Қатысушылар Парламенттік Ассамблеяның 2021–2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасының жобасын қарады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, деп хабарлайды zakon.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңестің кезекті көшпелі отырысы Душанбеде өтуі керек болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты күн тәртібіндегі мәселелер бейнеконференция режимінде талқыланды.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Парламент спикерлері, сондай-ақ, Сербия мен Ауғанстан Парламентінен ҰҚШҰ ПА бақылаушылары қатысты.

Қатысушылар Парламенттік Ассамблеяның 2021–2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасының жобасын қарады.

Отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин құжат нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуге және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған көптеген тақырыптар мен бағыттарды қамтитынын атап өтті. Бағдарлама жобасы ҰҚШҰ ПА тұрақты комитеттерінде және ұлттық парламенттерде қаралады.

- Модельдік заңнаманы әзірлеу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұстанымдары мен мақсаттарын және ҰҚШҰ Жарғысын басшылыққа алып, сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ескеру қажет, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күзгі сессиясының қорытындылары, Ұйымның жауапкершілік аясындағы ахуалы, ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-шаралар және ҰҚШҰ аясында жасалған халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ақпарат берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі