БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы бейнеконференция форматында өтеді

twitter
БҰҰ-на мүше елдердің күзге жоспарланған өзге маңызды кездесулері де бейнеплатформаға ауыстырылады.

Қыркүйек айында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы мемлекет пен Үкімет басшыларының кездесуінсіз өтеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ұйымның басты шарасы – жоғары деңгейдегі пікірталастың өту тәртібі де өзгеретін түрі бар. Мемлекет басшыларының қашықтан жасайтын баяндамалары қай ретпен өтетіні және қалай аударылатыны талқыланып жатыр. БҰҰ-на мүше елдердің күзге жоспарланған өзге маңызды кездесулері де бейнеплатформаға ауыстырылады.

Тиджани Мухаммад-Банде, БҰҰ бас ассамблеясының төрағасы:

– Бас Ассамблея өтетін кезде қандай медициналық нұқсау берілетінін білмейміз. Бұған қатысты АҚШ үкіметінің ұстанымы маңызды болмақ. Алдағы екі аптада өтетін кеңестер нәтижесінде бұл басқосудың қалай өтетіні анық болады деген үміттемін. Жалпы қыркүйек айында мемлекет пен үкімет басшылары Нью-Йоркке келеді деп болжап айту қиын.

Рим Абаза, БҰҰ бас ассамблеясы төрағасының баспасөз хатшысы:

– Жалпыға бірдей пікірталас жоспар бойынша биыл 22 мен 29 қыркүйек аралығында өтеді. Бас Ассамблея мәжілістер залында өтетін ашылу салтанатына 75-сессия Президенті және БҰҰ Бас Хатшысы қатысады. Ал ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары немесе министрлері алдын ала жазылған бейнебаяндамалар жасайды. Ол үлкен экранда көрсетіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек