Алматы облысында екі сәби коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды

Pixabay
Науқастармен тығыз байланыстағы адамдар да анықталып, карантинге орналастырылды.

15 маусымдағы дерек бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Инфекцияның 5 жағдайы Талдықорған қаласында, екеуі Талғар қаласында және Алакөл, Ескелді, Қарасай, Ақсу аудандары және Текелі қаласында бір-бір жағдайдан тіркелді.

КВИ жұқтырғандардың үшеуі - балалар: біреуі - 2015 жылғы, екеуі - 2020 жылғы. Одан бөлек 1962, 1962, 1953 жылғы үш әйел және 1989, 1961, 1969, 1983, 1958, 1998 жылғы ер адамдар. Науқастардың дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, өзін жайсыз сезініп, аяқ-қолдары сырқырап ауырған. Олардың барлығы эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес тексеріліп, ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды COVID-19 тарауын болдырмау жөніндегі ВАК.

Науқастармен тығыз байланыстағы адамдар да анықталып, карантинге орналастырылды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

15 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 527 жағдайы анықталды, олардың 345-і емделіп, ауруынан айыққан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы