Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қаладағы жағдай шынымен де қиын. Денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз деген кім? Бұл ресурстар ең дамыған елдердің өзінде де тапшы, онда қаржыландыру деңгейі біздің елімізге қарағанда 10 есе жоғары. Аурудың күрт өсімі байқалады. Соңғы күндері қалалық емханаларға күн сайын 100-ден астам науқас келіп түсуде. Түсінікті болу үшін айта кетейін, біздегі әр аурухананың науқастарды қабылдаудағы орташа көлем - 200-300 кереует, демек, қазіргі сұраныспен есептесек, әр үш күн сайын инфекциялық аурухана ашу керек болады, әрине бұл мүмкін емес. Бүгінгі таңда қалада КВИ жұқтырған науқастарды емдеу үшін 10 (!) клиникалық аурухана бар. Онда 1 300-ден астам науқас емделуде", - деп жазды Надыров facebook-тегі парақшасында.
Ол қазіргі қолданыстағы ауруханалардың барлығында бірдей науқастарды коронавирус инфекциясынан емдеу мүмкін емес екенін айтады, өйткені онда дәрігерлер басқа патологиялардан (инфаркт, инсульт, аппендицит және т.б.) ем-дом жүргізеді.
"Күн сайын қалада 2 500-ден астам шұғыл жағдайлар орын алады. Мәселе тек төсектің бос еместігінде де емес, сонымен бірге коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге дайын медициналық топтардың болмауы да қиындық туғызуда. Тиісінше, өкінішке орай, біз науқастарды тек орташа және ауыр дәрежелі науқастарға іріктеп, емдеуге жатқызуға мәжбүрміз. Дәрігерлердің жүктемесі де айтарлықтай өсті! Мұның бәрі осы вирустың нақты емі жоқтығымен байланысты. Сондықтан біз тұрғындарды мамандардың ұсыныстарын ескеріп, сақтыққа шақырамыз. Көптеген адамдар біздің ұсыныстарымызды елемейтінін көріп отырмыз. Көбісі әлі күнге дейін ауырып қалу қаупі бар екеніне сенбейді. Мұның бәрі аурудың күрт өсуіне әкеледі. Сонымен, мемлекет жағдайды ұғынып отыр, бірақ мәселе басқада, мемлекеттің халқы мен сарапшы ортасы не ойлайды? Мен бұл ретте ақыл жеңеді деп үміттенемін ... Барлықтарыңызға амандық тілеймін! - деп жазды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы.