Нұр-Сұлтанда эпидемиялық ахуал күрт нашарлады

Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3500-нан артып, 3700-ге жеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлағанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3500-ден асып, 3700-ге жеткен.

Тек КВИ нысанындағы қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін жетті, яғни, 8 есе өсті. Өткен тәулікте қоңыраулар мен жедел шақыруларға 110-нан астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Бақытымызға орай, жыл басында біз 50-ден астам автокөлік сатып алдық. Бұл аз да болса жүктемені азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, емханалар деңгейінде көліктер қосымша тартылды. Коронавирус мәселелері бойынша тұрғындардың кері байланысын күшейту үшін жедел жәрдем станциясында қосымша байланыс орталығы құрылды, деді ол.

Ол соңғы үш күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам КВИ ауруы тіркеліп отырғанын айтады. Олардың 50%-ы індеттің белгілері жоқ түрімен ауыратындар. Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

17 маусымда шамамен, 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді. ПТР тесттер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алудамыз. Тесттер тек ауру белгілері бар және жақын байланыста болған адамдарға қажет. Тесттердің жетіспеушілігіне жол бермеу үшін барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ. Зертхананың 20-дан астам қызметкері бүгінде індет жұқтырды. Отбасында дүрбелең тудырып, зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, еш себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ. Тек дәрігерлер айтқан санитарлық ұсынысты мұқият сақтау керек, деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: