Тоқаевқа зардап шеккен кәсіп түрлері бойынша есеп берілді

investgazeta.ua
Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан.

Қазақстан Президенті бейне байланыс арқылы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты.

Тимур Құлыбаев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қорытындысы туралы ақпарат берді. "Атамекен" ҰКП бастамасы бойынша бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен өткен бірлескен кездесулерге Премьер-Министр, Үкімет мүшелері, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" ҰКП-ның бірлесіп, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді