Коронавирустық инфекция диагностикасының хаттамасына сәйкес қажетті мерзімін өткізген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин өзін оқшаулау режимінен шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов мәлімдеді.
Маминнің COVID-19-ға тапсырған тесті қатарынан екінші рет бойында вирус жоқ екенін растады.
Оқшауланған білім министрі Асхат Аймағамбетов пен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтер тапсырған тесттер де олардың вирустан таза екенін екінші рет көрсетті.
Осыған байланысты Үкімет басшысы штаттық режимде кестеге сай жұмысқа кірісті.
Қазір Үкіметтің жиналыстары мен отырыстары селекторлы режимде өтуде. Үкімет ғимараты мен министрлер үйінде санитарлық режим күшейді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмысқа көшті.