Карантиндегі үш министр жұмысқа шықты

Facebook Askhat Aimagambetov
Олардың барлығында коронавирус диагнозы нақтыланбады.

Коронавирусқа бірнеше рет тапсырған тест нәтижесі теріс болғандықтан Қазақстанның үш министрі карантиннен босады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өз-өзін оқшаулаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Магғзұм Мырзағалиев коронавирусқа қарсы бірнеше рет тест тапсырды. Барлығынан COVID-19 диагнозы расталмады. Енді министрлер, әдеттегідей кесте бойынша жұмыс істеуге кіріседі, - деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов.

Қазір Үкіметтің барлық отырыстары мен мәжілістері селекторлық режимде өтіп жатыр.

Үкімет ғимаратында және министрліктер үйінде санитарлық режим, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80% -ы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді