Әкімдік маманы 20 мың теңге пара үшін 500 мың теңге айыппұл арқалады

Алматы облысы Жамбыл ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д. Б. Мұсахан 12,5 млн теңге сомасында айыппұл жазасына сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аяқталған қылмыстық істері бойынша шыққан сот үкімдері жария етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен "ШҚО статистика департаменті" РММ басшысы А.А. Мақажановқа, оның орынбасары Н.Ш. Оразаеваға және Өскемен қаласының статистика басқармасының басшысы Е. Е. Демежановқа қатысты пара алу және беру фактілері бойынша қылмыстық іс өндіріспен аяқталды (ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігі, 2-бөлігі, 190-бабы, 3-бөлігі, 2-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігі, 367-бабы).

А.А. Мақажанов пен Н.Ш. Оразаева іссапар шығындарына бөлінген 5 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру, сондай-ақ, 200 мың теңге пара алу күдігімен ұсталды.

Е.Е.Демежанов үй шаруашылықтарын тексеруге (сауалнама жүргізу) бөлінген 500 мың теңге бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқыруда, сондай-ақ, А.А. Макажанов пен Н.Ш. Оразаеваға жалпы қамқорлығы үшін жалпы сомасы 200 мың теңге көлемінде пара беруде күдікті болды.

18.06.2020 ж. Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған тұлғалар сотталды:

- Мақажанов 3 жыл, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды;
- Оразаева 3 жылға бас бостандығынан айрылды (жас баланың болуына байланысты 2020 жылдың 4 желтоқсанына дейін жазасын кейінге қалдырумен);
- Демежанов 3 жылға бас бостандығынан айрылды.
Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

2. Ағымдағы жылдың 15 маусымында Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Арапбаев пен Ергельдинов кінәлі деп танылып, әрқайсысына алған пара сомасынан 30 еселенген мөлшерде, яғни, 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Арапбаев азамат Ж.Қ. Ергельдиновке коммерциялық кәсіпорынның директорынан жүк автокөлік құралдарының кедергісіз өтуін ұйымдастырғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін көмегіне 1 млн теңге сомасында пара алуда күдікті болды.

3. 15.06.2020 жылы Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен:

- Қапшағай қ. ҚР ҚМ десанттық-шабуылдаушы бригадасының "№ 32363 әскери бөлімі " РММ командирі С. Н. Елубаевқа 30 млн теңге көлемінде айыппұл, "подполковник" әскери атағынан айыру;
- бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары Е.А. Манатовқа 10 млн теңге мөлшерінде айыппұл, "майор" әскери атағынан айыру;
- "Студия Vulkan" ЖШС директоры А.Б.Тюлюбаеваға 15 млн теңге көлемінде айыппұл салу шешімі қабылданды.

"№32363 әскери бөлімі" РММ-нің десанттық-шабуылдаушы бригадасының подполковник Елубаев "Студия Vulkan" ЖШС-нің директоры Тюлюбаевадан майор Манатовтың делдалдығымен "Студия Vulkan" ЖШС қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген.

4. 2017 жылдың қыркүйек айында жалпы сомасы 151 766 теңге іссапар шығындарын негізсіз есептеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен, 17.06.2020 ж. Көкшетау қалалық сотының үкімімен "Ақмола облысы бойынша жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ басшысы Р.Ф. Галлямов 1 517 660 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына сотталды.

5. "2021 жылға дейін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алу үшін азаматтардан жалпы сомасы 500 мың теңге көлемінде бірнеше рет пара алу күдігімен 11.06.20020 жылғы Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының үкімімен Алматы облысы Жамбыл ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д. Б. Мұсахан 12,5 млн теңге сомасында айыппұл жазасына сотталды.

6. 12.06.2020 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен "Лайықты өмір" мүгедектерді оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.М. Ивкин 2017-2018 ж.ж. кезеңінде жеке көмекшінің қызметін көрсету кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

7. 16.06.2020 жылы Жамбыл аудандық сотының үкімімен Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.С. Бейсенбаева 3 жылға бас бостандығынан айрылды (ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың асырауында болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға кейінге қалдырылды), ол 2019 жылдың мамыр айында әлеуметтік көмек көрсету үшін алдау және сенімге қиянат жасау жолымен екі азаматтан 40 және 15 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған.

8. 16.06.2020 жылы Бурабай аудандық сотының үкімімен "Бурабай ауданының құрылыс бөлімі" ММ бас маманы А.С. Кабылдина 2015-2019 жылдарға жалақыны негізсіз есептеу жолымен 2 902 187 теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша 12 млн теңге сомасында айыппұл салынды.

9. Ағымдағы жылдың 12 маусымында Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Б.Майлин ауданының "Павлов селолық округі әкімінің аппараты" ММ бұрынғы бухгалтері К.И. Кушенова 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзіне және жақын туыстарына 684 792 теңге көлемінде еңбек ақысын негізсіз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

10. 12.06.2020 ж. Қостанай қ. №2 сотының үкімімен бұрын Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚК 161/2 мекемесінде қамаудағы А. Е. Бекетовке 03.05.2020 жылы ҚК 161/2 ұялы телефонын алып өткені үшін азамат Д.С. Семченковтың делдалдығымен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімінің бақылаушысы Н.С. Орекенге бұрын келісілген сома 50 мың теңгеден 10 мың теңге көлемінде пара бергені үшін (бақылаушының өтініші бойынша тіркелген)10 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (8 ай көлемінде өтелмеген мерзімнің болуына байланысты жазаның жалпы мерзімі барынша қауіпсіз колонияда 1 жыл және 6 ай).

11. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 09.06.2000 жылғы үкімімен аталған ауданның Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Б.Ж. Мутаиров "ИРЗ" ЖШС-нің жүргізушісі А.С. Селимхановтан төтенше жағдай кезінде блок-бекеттер арқылы кедергісіз жүру үшін аудандық әкімдіктің дерекқорына рұқсат беру және енгізу үшін 20 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алғаны үшін 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Жоғарыда көрсетілген үкімдермен сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ арнаулы және әскери атақтардан өмір бойына айрылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: