Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы тағайындалды

Баспасөз қызметі
Әділов мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен кәсіби маман.

Қала әкімінің өкімімен Ерлан Әділов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын жеке ұйымдарда қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған. Көлік саласындағы жұмысы Алматыдағы "№4 автобус паркі" ЖШС техника қауіпсіздігінің инженері болып басталған. 2007 жылы аудандық әкімдіктің қызметкері ретінде мемлекеттік қызметке ауысқан.

2008 жылдан бастап Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жұмыс істеген, көлік бөлімінің маманы болған. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өткен.

2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін