Deutsche Bank инвесторлардың доллардан жаппай бас тартуы мүмкін екенін болжады

Getty Images
Сарапшы бүгіндері валюта нарықтары "қарама-қайшы құбылыстарға" тап болып отырғанын айтады.

Deutsche Bank сарапшысы Самир Гоел доллардың резервтік валюта ретінде өзінің күшін жоюы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz CNBC-ке сілтеме жасап.

Гоэлдің айтуынша, коронавирус пандемиясының екінші толқыны туындаған жағдайда инвесторлар америкалық валютадан жаппай бас тартуы мүмкін.

Сарапшы бүгіндері валюта нарықтары "қарама-қайшы құбылыстарға" тап болып отырғанын айтады. Бұл COVID-2019 індетінің қайта бас көтеруіне байланысты алаңдаушылықтан туындауда.

Гоэльдің пікірінше, АҚШ карантин режимінен арылуға басқа елдерге қарағанда түк асықпайды. Осыған байланысты доллар дамыған елдердің, соның ішінде Қытайдың да валютасына шаққанда әлдеқайда әлсіреуі мүмкін. Мұндайда доллар, әрине инвесторлар үшін өздігінен тартымдылығын жоғалтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі