Біртанов өзінің отставкасы туралы желіде жазба жариялады

Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделеніп тұр, сондықтан министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да тізгінді босатып алмау керек, оған толыққанды басшылық қажет деп санаймын - Біртанов.

ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов өзінің неге отставкаға кеткенін түсіндірәп, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті әріптестер, достар, бүгін Мемлекет басшысының атына өзімді денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш бердім", - деп жазды экс-министр Facebook-тегі парақшасында.

Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясын жұқтырып, пневмониям асқынғандықтан, маған қосымша ем-дом қажет. Сонымен қатар қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделеніп тұр, сондықтан министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да тізгінді босатып алмау керек, оған толыққанды басшылық қажет деп санаймын. Біздің денсаулық сақтау жүйесі өзіне түскен ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Бұған уақыт пен әрқайсымыздың күш-жігеріміз қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық және табандылық тілеймін!

Елжан Амантайұлы Президентке Қазақстанның денсаулық сақтау саласы дамуына үлес қосуына үлкен сенім білдіргені үшін алғыс айтты!

ҚР Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой жаңадан тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: