Қазақстан коронавирус тез таралып жатқан елдер қатарына енді

rus.azattyq-ruhy.kz
Мұндай елдердің қатарына Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово кіріп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтың бюросы директоры Ханс Клюге Еуропада COVID-19 індетінің жаңа толқыны басталғанын мәлім етті. Сонымен қатар, індет өршіп тұрған елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz rg.ru-ға сілтеме жасап.

Соңғы екі аптада жаңа науқастар санының күрт өсуі 30 мемлекетте тіркелді. Олардың ішіндегі 11 елде вирустың жылдам таралуы үлкен қауіп туғызып отыр, деді ол баспасөз жиынында.

Кейінірек ДДСҰ вирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово кіріп отырғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді