Президент бірнеше шенеунікке сөгіс жариялады

Ақорда
Оған басты себеп - жұмыстарына салғырт қарауы.

Президент бірнеше шендіге қатысты сөгіс жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды" деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік уәли Facebook-тегі парақшасында.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

Сондай-ақ Президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертңп, аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған

Қазақстанда электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмірлер беріледі