Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 09:17 Фото: pexels
Алматыда қаза тапқан 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтың жеті баланың әкесі болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусым күні полицияға таулы аймақтан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болған. Қазір пәтердің есігі мөрленген. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның мәйіті кісі қолынан қаза тапқаннан кейін қала сыртына шығарылып, Алматыдан шамамен 300 шақырым қашықтықта өртелген.

Аслан Әлсеров ішкі істер органдарында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Оның жұбайы да құқық қорғау саласында жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылар 15 жыл отасып, жеті бала тәрбиелеп өсірген. Ұлдары спортпен айналысқан. Көршілері Әлсеровтер отбасын жақсы жағынан сипаттайды.

Марқұм 24 маусым күні жер қойнына тапсырылды.

"Полиция адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасаған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілерге 15 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген телеарна сюжетінде.

Ресми мәлімет бойынша, іс бойынша екі адам күдікті ретінде танылған. Олар – марқұмның жұбайы мен 14 жастағы ұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы жігіттің өз әкесін соққыға жыққаны хабарланған еді. Ол өз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерге жариялаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: