Иран Интерполдан Трампқа халықаралық іздеу жариялауды сұрады

DW
Ақ үй Тегеран мәлімдемесіне қатысты әлі пікір білдірмеді.

Тегеран генерал Касем Сулейманидің өліміне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты қамауға алу туралы бұйрық шығарды.

Иран прокуратурасы Интерполға өтініш айтып, Трампқа халықаралық іздеу жариялауды талап еткен, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

АҚШ президентімен бірге тізімде 35 адам бар. Иран билігі оларды Сулейманидің өліміне қатысы бар деп есептеп, кісі өлтірді және терроризм үшін деп айыптап жатыр.

Интерпол бұған қатысты "саяси, әскери, діни және нәсілдік тұрғыдан іс-әрекеттерге бармайтынын" жариялаған.

Ақ үй Тегеран мәлімдемесіне қатысты әлі пікір білдірмеді.

Иранның жоғары дәрежелі генералы Касем Сулеймани жыл басында Бағдад жанында әуе соққысынан қаза тапты. Тегеран жауап ретінде АҚШ-тың Ирактағы әскері орналасқан базаны бомбалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін