Путин Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Кремльдің баспасөз қызметі
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы В.Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы