42 500 теңгені студенттер ала ма?

Бізде студенттер деген жекелеген санат жоқ. Көмекті карантин кезінде шынымен де жұмыссыз қалғандар алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені студенттер ала ма, деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бізде студенттер деген жекелеген санат жоқ. Төлем жалдамалы жұмысшыларға, жеке кәсіпкерлерге және өзін-өзі жұмыспен қамтыған санаттарға беріледі, егер ол адамдар коронавирусқа байланысты шектеулердің кесірінен табыстарынан айырылған жағдайда. Егер студент осы аталған үш санаттың біріне жататын болса, ол әрине, 42 500 теңге төлемін ала алады, - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-дегі брифингте.

Оның сөзінше, өткен жолғы ТЖ кезінде аталған төлемдерді студенттерге төлеудің заңдылығына байланысты тиісті органдар тарапынан сұрақтар болған.

Біріншіден, Статистика комитеті пайдаланатын еңбек нарығына қатысты заңдарды алсақ, студенттер халықтың экономикалық белсенді тобына жатпайды. Студенттер қарт адамдар, балалар мен мүгедектігі бар азаматтар сияқты экономикалық белсенді емес топқа жатады. Екіншіден, еңбек заңына сай, студенттер жұмыссыз азаматтар деп таныла алмайды. Үшіншіден, медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, күндізгі оқудағы студенттер жұмыс істемейді деген негізді басшылыққа алатын мемлекет олар үшін медсақтандыру қорына жарна төлейді. Осыған байланысты бізге осы мәселенің заңдылығы туралы сұрақтар туындады, бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр, - деді министр.

Бірақ та, жұмыс берушісі тарапынан өтінігш берілген жағдайда студенттер 42 500 теңге алудан дәмелене алады. Ал егер студент жеке кәсіпкер болса, ол өз жұмысының карантин кезеңінде шектелгенін растауы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын студенттер тұрақты БЖТ төлеушілері болуы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: