Елордалық келіншек коронавирусты жеңіп, қыз баланы дүниеге әкелді

astana.gov.kz
Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған.

№1 көпсалалы аурухана дәрігерлері қажырлы еңбегінің арқасында екі елордалықтың – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

24 маусымда емхананың акушерлік бөлімшесінде вирустық пневмония (80% зақымдану), интоксикация синдромы және артериялық гипертензия салдарынан тыныс жетіспеушілігімен ауыр халде жүкті әйел келіп түсті.

"Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия диагнозы (жүкіт әйелде жоғары қан қысымының болуы) қойылған болатын", – дейді аурухана қызметкерлері.

Дәрігерлер бірден-бір дұрыс шешім қабылдап, кесарево тілігін жасады. Салмағы 2,3 келі болатын шала туылған қыз бала дүниеге келді. Нәресте дереу реанимация бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді.

Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті. Операциядан кейін ол реанимация және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін емдеу қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады