Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі өңірдегі коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында медицина мамандарын алдыртуда. Маңғыстаулық науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер жұмылдырылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның 10-ы бүгін Шығыс Қазақстан облысынан келді. Бұл мамандардың алтауы Семей қаласынан және төртеуі Өскемен қаласынан келді. Ал, екеуі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.
Семей қаласынан:
1. Хирургиялық бөлімінің аға ординаторы м/с капитаны Мажиев Н.Ж.
2. Терапиялық бөлімінің басшысы м/с капитаны Муслимова З.Р.
3. Қабылдау бөлімінің медбикесі, аға сержант п/к Абдрахманова Г.Т.
4. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, сержант п/к Мухатова Г.Б.
5. ОАиР аға медбикесі, п/к сержанты Кабдиева Ж.С.
6. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, ефрейтор п/к Муратова М.К.
Өскемен қаласынан:
1. Хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с капитаны Белгибаев Б.Р.
2. Стоматология кабинетінің медбикесі, п/к сарбазы (рядовой) Дума С.А.
3. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, п/к сарбазы Байсанбанова А.Б.
4. Қабылдау бөлімінің медбикесі, п/к кіші сержанты Оспанова А.К.
25744 әскери бөлімі
1. Батальон медқызметінің басшысы, м/с аға лейтенанты Айтжанов Б.Ы.
2. Медициналық рота хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с аға лейтенанты Достангалиев Е.
Сонымен қатар, бүгін өңірге Ақтөбе қаласындағы медицина университетін бітірген 10 жас маман келді. 18 шілде күні тағы 6 дәрігер жұмыстарын бастайды. Сол университетті тәмамдаған 5 маман бұған дейін Ақтауға келген болатын. Тағы 5 дәрігер қазір Ақтөбеде жұмыс істеп жатыр, тамыз айында жұмыстарын бітіріп, Ақтауға келеді.
Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маман келеді. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 ақтөбелік маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті.
Ақтөбеден бүгін келген 10 маманның алтауы маңғыстаулық, төртеуі Ақтөбе қаласының тумасы.