Ақтау тұрғындарына 4 мың дана бетперде тегін таратылуда

Маңғыстау облысының ҚКО
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2600 дана, Мұнайлы ауданында – 1000 дана маска тұрғындарға беріле бастады.

Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен тұрғындарға тегін маскалар үлестірілуде. Бұл шара елімізде белең алған індеттің қарқынын басу үшін облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

4000 дана маска қала тұрғындарына тегін таратылады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2600 дана, Мұнайлы ауданында – 1000 дана маска тұрғындарға беріле бастады. Аталған шара алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Індеттің таралуын төмендету үшін әр біріміз азаматтық жауапкершілік танытуымыз қажет. Сақтық шараларын күшейтіп, маска режимін және санитарлық тазалықты қатаң сақтағанда ғана нәтиже болатындығын естен шығармауымыз тиіс.

Сонымен бірге, Біріккен Араб Әмірлігінен гуманитарлық көмек ретінде келген маскалар да қалалар мен аудандарда халыққа тегін таратылатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты