Алматы тауларында от жағатындарға айыппұл салынады

Ұлттық саябақтар аумағы демалыс күндері келушілер үшін жабық болады.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов және Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дархан Исабеков айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі кезде Алматы қаласының аумағында құрғақ өсімдіктердің өртенуінің 231 оқиғасы тіркелген. Өрт көбінесе Алатау, Медеу, Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орын алған.

Арман Байгеловтың хабарлауынша, Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 03.07.2020 жылғы №46 Қаулысының талаптарына сәйкес, жекелеген (3 адамнан аспаған жағдайда немесе бір отбасының мүшелері) жағдайларды қоспағанда, табиғат аясына экскурсиялық, корпоративтік, топ болып шығуға тыйым салынған. Бірақ, Алматы қаласының таулы орманды жерлерінде халықтың демалу жағдайлары тіркелуде. Осыған байланысты, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі үшін ТЖД қызметкерлері жергілікті полицияның және мемлекеттік Ұлттық табиғи парк қызметкерлерімен, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп 60 түсіндіру шараларын жүргізді.

"Рұқсат етілмеген орындарда от жағудың 101-ден астам оқиғасы тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 40 жеке тұлға тартылды", - деді Арман Байгелов, ол ӘҚ туралы ҚРК 367-бабына сәйке, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда от жаққан екі азаматқа 277 мың 800 теңгеге айыппұл салынғанын айтты.

Сонымен бірге, белгіленген мерзімде демалушыларға өртке қарсы тақырыпта 4075-тен астам жадынама таратылды.

Брифинг барысында алматылықтарға Алма -арасан шатқалының аумағында Ү.Алматы, Казачка өз. бойында ыстық тамақ әзірлеуге арналған арнайы орындар бар екенін еске салды. Яғни, үстел, от жағатын жер, мангал мен барбекю үшін бетондалған алаң бар.

"Ерекше қорғалатын аумақтар мен рұқсат етілмеген жерлерде от жаққандары үшін ТЖД және МҰТП қызметкерлері "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салатынын атап өткім келеді", - деді А.Байгелов, ол айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 10-нан 100 АЕК немесе 27 мың 780 теңгеден 277 мың 800 теңгеге дейін екенін атап өтті.

Айта кетерлігі, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 14 шілдедегі №48 қаулысына орай коронавирустың одан ары таралуынынң алдын алу үшін таулы-орманды аумақтарға баруға қосымша шектеулер енгізілген. Жұмыс күндері мына ережелерді сақтай отырып, тек қана жаяу серуендеуге рұқсат етілген:

• Өзімен бірге азық-түлік (сусындардан басқа) әкеліп, пикник ұйымдастыруға және от жағуға қатаң тыйым салынады;

• саябақтардың аумағында үш адамнан артық жүруге болмайды;

• Санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуы тиіс.

Ұлттық саябақтар аумағы демалыс күндері келушілер үшін жабық болады.

Алматылықтарға таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі еске салынды

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов алматылықтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды.

"Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының есіне таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым ережелерін еске салғым келеді. От жағуға , рұқсат етілмеген орындарда тамақ дайындау үшін мангалдар мен басқа құралдарды пайдалануға болмайды", - деді Арман Байгелов.

Сонымен бірге, рұқсат етілмеген орындарда темекі шешуге болмайды, себебі шырпы мен темекі тұқылы өрттің тұтануына әкелуі мүмкін. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарынан таулы-орманды жерлерде май сіңген немесе бензин, керосин немесе басқа да жанар-жағармай заттары бар материалдарды,күн сәулесі түсетін орман алаңына бөтелкелерді, шыны сынықтарын және басқа да қалдықтарды тастамау керектігі айтылды,өйткені олар да өрттің шығуына себепкер болуы мүмкін. Таулы жерлерде құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады.

"Азаматтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, орманды өрттен қорғаңыздар!", - деді ТЖД қызметкерлері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: