Алматыдағы инфекциялық стационардың бірінен түсірілген видео: "Грязный зонаға" кіреміз..."

видеодан алынды
Видеода дәрігерлер ауыр халдегі науқастардың жанына келіп, жағдайын сұрайды.

STOPCOV Almaty тобы Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан науқастарды видеоға түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

STOPCOV Almaty тобының Telegram арнасында Алматыда коронавирус науқастар емделіп жатқан 12-ші ауруханадан түсірілген видео жарияланды.

Бұл видеоны түсіру кезінде Алматыда 8 040 адам вирус жұқтырғаны айтылады. Мұнда күн сайын 150 дәрігер адамдардың өмірі үшін күресетіні, ал күніне ауруханаға 30 науқас түсетіні де атап өтілген. Негізінен, мұндағы науқастардың жағдайы орташа және ауыр.

- Біз "грязный зонаға" кіріп жатырмыз. Бұл жерде біз өзімізбен бірге әкелген заттарымызды қалдыруымыз керек. Мен өзім обаға қарсы костюм кидім, мұнымен емін-еркін жүрудің өзі мүмкін емес, - дейді видеоны түсірген жігіт.

Түсірілім кезінде дәрігерлер науқастардың жағдайын сұрады.

- Қазір жақсы. Мен өткен жексенбіден бері осында жатырмын. Менің өкпемнің 75% зақымданған, - деді науқастардың бірі.

STOPCOV Almaty тобы барлық науқастарға тезірек сауығуды тілеп, коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды