Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын аттандырмақшы

ҚР ДСМ
Қытай дәрігерлерінің бірінші тобы Қазақстанға сәуір айында келген еді.

Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын аттандырғалы жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Пандемия келеді, кетеді, ал біздің арамыздағы достық пен ынтымақтастық мәңгілік құндылықтар болып қала береді. Біз түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта береміз, Қытай гуманитарлық көмек жолдауды жалғастырады, соның ішінде Қазақстан халқы бұл зауалдан тезірек құтылып, қалыпты өмір сүру салтына оралуы үшін өз дәрігерлерінің екінші тобын COVID-19-бен күресу үшін аттандырады, - деп жазды ҚХР елшісі facebook-тегі парақшасында.

Қытай дәрігерлерінің бірінші тобы Қазақстанға сәуір айында келген еді. Қытайлық 10 дәрігерден тұратын топ 9 сәуірден бастап 15 күн Қазақстанда болды. Осы уақыт аралығында олар медициналық мекемелерге барып, семинарлар, тренингтер өткізіп, конференциялар аясында қазақстандық әріптестерімен коронавирус инфекциясының алдын-алу және COVID-19 науқастарды емдеу тәжірибесімен бөлісті, инфекцияны анықтау алгоритмі және оларды оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеу әдістері, диагностика және медициналық инфекцияның алдын алу ережелері туралы тыңғылықты мәліметтерді алға тартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды