Шығыс Қазақстанда қатаң шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды

azattyq
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Исмаиловтың "Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" 2020 жылғы 03 шілдедегі қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысында осыдан бұрын енгізілген қатаң шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Аягөз, Алтай қалаларында, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Үржар аудандарының аудан орталықтарында қосымша енгізілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылдың 02 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін сақталатын болды.

Жеке түлғалармен жабық үй-жайларға, сондай-ақ қоғамдық орындар мен қоғамдық көлікке кіру қорғаныш маскаларын кию арқылы және әлеуметтік қашықтықты ескере отырып жүзеге асырылады.

Қаулының орындалуын бақылауды облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өзіне қалдырады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс