Кәсіпкерлік салада карантинге байланысты 28 мыңға жуық жұмысшы жұмысынан қысқарған

stapravda.ru
Ең көп қысқару Шымкент, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды - Мырзахметов.

ШОБ саласында 28 мыңға жуық адам жұмыстан босатылды, 34 мың адам ақысыз демалысқа жіберілді, деп хабарлады "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Кәсіпкерлік палатаның ақпаратына сәйкес, шамамен 28 мың жұмысшы жұмыстан босатылды, немесе бұл ШОБта жүрген адамдардың жалпы санының 14,5% құрайды.

- Ең көп қысқару Шымкент, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды, - деді Мырзахметов.

Оның айтуынша, қызметкерлерді қысқартудың ең жоғары көрсеткіштері тамақтану (37%), тұрғын үй қызметтері (25%) және жылжымайтын мүлік (24%) салаларына тиесілі.

- 34 мыңға жуық жұмысшы ақысыз еңбек демалысына жіберілді. Ең алдымен, бұл - Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында. Атап айтқанда, олардың көпшілігі көңіл көтеру және демалыс, туризм, қоғамдық тамақтану салаларында жұмыс істейді, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады