Шымкентте "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 60-қа жуық жоба мақұлданды

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлі банктермен қаржыландыру жоспарлануда.

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады.

Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд. теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд. теңгеге 37 жоба қаржыландырылды.

Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд. теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлі банктермен қаржыландыру жоспарлануда.

Айта кетейік, аталған бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 10 жылға дейін 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады.

Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 6 және 5 пайызбен өтейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

БҚО әкімі өзінің резиденцияда тұрып жатқаны туралы сыбысқа қатысты пікір білдірді