Сот саласының ардагері Болат Тохметов дүниеден озды

sud.gov.kz
Марқұм 80 жаста еді.

Қазақстан сот жүйесінің ардагері Болат Тохметовтің дүниеден қайтқаны туралы қаралы хабар жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Ардагер судьялары кеңесі 2020 жылдың 20 шілдесінде ардагер судья Болат Тохметовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және әділ қазылар қауымына көңіл айтты.

Болат Тохметов 28 жыл судья болып жұмыс істеді. Судья, одан кейін Теміртау қалалық сотының төрағасы, Гурьев қалалық сотының төрағасы, Павлодар облыстық сотының төрағасы, ҚР Жоғарғы Сотының, Алматы қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарды. 2003 жылы зейнетке шыққаннан кейін ол отандық сот төрелігі жұмысына белсенді үлес қосып отырды.

Болат Тохметов "Құрметті судья" атағына, "Сот жүйесінің ардагері", "Еңбек ардагері" медалдеріне, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрмет белгісіне ие.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды