Тұрғымбаев: қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция бар күшін жұмсайды

видеодан кадр
Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайларды бақылап отыр.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаевте болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сәтпаев қаласында Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды.

- Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда, - деді ол.

Министрдің сөзінше, елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды.

- Құрметті журналистер, отандастар! Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеңіздер және оны таратпаңыздар. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайларды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертті министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай