Екі жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылды

inbusiness.kz
Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Коронавирустық инфекцияның таралуына орай жүргізіліп жатқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға және енгізілген карантиндік шараларға байланысты жолаушылар пойыздарында жолаушылар ағыны деңгейінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды zakon.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамның қаржы мәселесіндегі қолайсыздықтың алдын-алу мақсатында, сұранысқа аз болып отырған Тальгоның екі коммерциялық жолаушылар пойызының жүруін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады:

• № 69/70 "Алматы-2 – Өскемен-1" бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;

• № 51/52 "Алматы-2 – Орал" бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді