Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді

zakon.kz.
Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары толығымен қамтылады.

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың бастамасымен жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылды.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы - 7, Әл-Фараби ауданы - 6, Еңбекші ауданы - 7, Қаратау ауданы - 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары,көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады.

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі