Кенжеғали Сағадиев бүкіл ғұмырын Отанына, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнады - Елбасы

egemen
Академик 82 жастағы шағында көз жұмды.

Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Кенжеғали Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Айта кетсек, 25 шілдеде 82 жастағы шағында академик Кенжеғали Сағадиев коронавирустан дүниеден озды. Марқұмды жерлеу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтетіні жарияланды. Академиктің қаралы туыстары марқұммен қоштасу рәсіміне байланысты барлық іс-шаралар тек жылында, яғни бір жылдан соң өткізілетінін жеткізді. Туыстарының айтуынша, бұл Кенжеғали Әбенұлының соңғы аманат сөзінің бірі болыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді