Қазақтан қыз алған Түркия жігітіне ШҚО билігі елде тұруға рұқсат бере салды

Сурет: zakon.kz
Қазақстанда қалғысы келеді екен.

Елімізде туындаған жағдайға қарамастан ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы қалыпты жағжайда жұмыс істеп, мемлекеттік қызмет көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасына 31 жастағы Түркия Республикасының азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұру бойынша өтінішпен жүгінген. Өз өтінішінде ол, 2019 жылы Қазақстан Республикасының азаматшасымен отбасын құрағандығын және отбасымен қосылу мақсатында Қазақстан Республикасында қалғысы келетінін білдірген.

Көші-қон қызметі тарапынан аталған шетелдіктің өтініші ескеріліп заң аясында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, мейлінше қысқа уақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсаты беріліп, шетелдіктің тұру ықтиярхатымен құжаттандырылды.

Түркия Республикасының азаматы өз кезегінде ШҚО ПД Көші-қон қызметінің жұмысын жоғары бағалап, оған отбасымен қосылуға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі