Әлемде АҚШ-қа ең қатты сенетін ел - Түркіменстан

AFP
Түркіменстанда АҚШ билігіне сенімі не себепті артқаны баяндамада түсіндірілмеген.

Өткен жылы әлемде АҚШ билігіне ең қатты сенетін ел - Түркіменстан болғаны анықталды.

Gallup зерттеу орталығы жариялаған есеп бойынша, Түркіменстанда АҚШ билігіне сенім көрсеткіші өткен жылы 32 меже артып, 62 пайызға жеткен, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл орталық "Әлем лидерлері" есебін 2007 жылдан бері жариялап келеді. Тізімде АҚШ, Ресей, Германия және Қытай бар.

Германия канцлері Ангела Меркель рейтингте үш жылдан бері бірінші орында тұр. Әлемнің 135 мемлекеті мен аймағының 44 пайызы Германия билігіне сенеді.

Екінші орындағы АҚШ 33 пайыз жинады. Зерттеуге қатысқандардың 32 пайызы Қытай билігіне сенетінін айтса, Ресей билігі 30 пайызбен төртінші орында қалды.

Түркіменстанда АҚШ билігіне сенімі не себепті артқаны баяндамада түсіндірілмеген.

Айта кетерлік жайт, бірнеше жылдан бері Түркіменстанның түрлі аймақтарында АҚШ-қа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды