СҚО әкімінің орынбасары қоластындағы жемқор қызметкерлері кесірінен отставкаға кетпек

vlast.kz
Алайда бұл реттегі соңғы шешімді облыс әкімі қабылдайды.

СҚО әкімінің орынбасары өз қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін отставкаға кетеді. Оған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ГАСК басқармасы басшысына және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысына қатысты бірнеше рет пара алу фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық істерінің тіркелуі түрткі болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн жиында СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуынша, 19 шілдеде Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

- Сот шешімімен Батырбек Қалабаевқа алған пара мөлшерінен 35 еселенген айыппұл салынды, ол 26,6 миллион теңгені құрайды. Оның үйқамақта ұстау уақыты да жаза мерзіміне қосылды, мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды, тағайындалған соңғы айыппұл мөлшері - 25,6 млн теңге. Ал оның қоластындағы қызметкерге 21,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Баянғазин.

Ол шенділердің өз қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, аймақта заңсыз салынған нысандарды пайдалануға беру актісіне қол қою үшін заңды тұлғалар өкілдерінен пара алу үшін жүйелі түрде қылмыстық жоспар құрғанын атап өтті.

Әкімшіліктің Сәулет және қала құрылысы саласындағы мекеме басшыларының үшінші рет ұсталуы және сотқа дейінгі тергеудің қозғалуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдауы үшін негіз болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы