Тамыз айынан бастап қазақстандықтар Грузия мен Таиландқа ұшып бара алады

pikabu.ru
3 тамыздан бастап Қазақстанда карантиндік шаралар жұмсартылады.

Қазақстан Таиланд пен Грузияға рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық рейстер ашылғанын еске салды. 20 маусымнан 4 шілдеге дейінгі аралықта 600-ден астам қазақстандық Түркияда демалуда.

- Өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды. Қазір эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын ескере отырып, басқа елдермен әуе байланысын қалпына келтіру мәселелері пысықталуда, оның ішінде тамыз айында Тайланд пен Грузияға рейстер ашылады деп жоспарлануда, - деді Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамыздан бастап Қазақстанда карантиндік шаралар жұмсартылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін