Экс-прокурорлар мен полицейлерге зейнетақы тағайындау жүйесі өзгереді

видеодан кадр
Мысалы, осыған дейін қызметте болған прокурорлар 1998 жылдың қаңтарынан бастап, еңбек өтілі үшін қосымша зейнетақы алмаған.

Елімізде экс-прокурорлар мен полицейлерге зейнетақы тағайындау жүйесі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Ол тек 2012 жылы ғана тағайындала бастады. Осыған байланысты, аталған кезеңде жұмыстан шыққан құқық қорғаушыларға 14 жыл еңбек өтілі үшін өтемақы төленеді. Бүгінде елімізде осында 27 прокурор бар екен. Олар үшін бюджеттен жыл сайын 60 млн теңге бөлінбек.

Ал, полицейлер үшін әлеуметтік көмек арта түспек. Егер олар жұмыстан шығып қалса, бірден екі айлық есебінде қаржы төленеді. Бұдан бөлек, қызметте 10 жылдан 20 жылға дейін болса, мемлекет берген пәтерді жеке меншікке иемдену құқы берілмек. Сондай-ақ, құқық қорғаушыларды балалары балабақшаға кезексіз орналастырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады