Карантин талаптарын бұзған мыңнан аса алматылыққа айыппұл салынды

rus.azattyq-ruhy.kz
Оның 90-ы өткен тәулікте ғана анықталды.

Карантин нормаларын сақтамағаны үшін мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды, олар 5 шілдеден бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы бойынша 1 022 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 90-ы тек өткен тәулік ішінде анықталды.

Азаматтардың көп шоғырланатын орындарда, қызмет көрсету, тамақтану және т.б. нысандарда тұрақты түрде тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін - массаж салоны, сұлулық студиялары, барлар, мейрамханаларды да анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді.

- Арнайы рейдтік іс-шаралар барлық жерде және тұрақты түрде жүргізілуде, - деді Алматы қаласы ДП Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды