Құрылыс пен өнеркәсіп экономиканың драйверіне айналды – Руслан Дәленов

inbusiness.kz
Негізгі драйверлер, деді ол, құрылыс (+11,2%) пен өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) саласы болып отыр.

Қазақстан экономикасының нақты секторы әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне қарамастан тұрақты өсуді көрсетуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

"Қазақстан, әлемнің барлық елдері сияқты, коронавирустық пандемиядан болатын жағымсыз салдарлардың тоғысуы аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешіруде. Қызмет көрсету саласы ең көп зардап шегіп, 2020 жылғы 6 айда 5,6%-ке төмендеді. Сонымен бірге экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауар өндіру 4,1%-ке өсті", - деді министр сәрсенбіде өткен брифингте.

Негізгі драйверлер, деді ол, құрылыс (+11,2%) пен өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) саласы болып отыр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл өнімдерін өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдары (8%)) және қағаз (15%) өндірісі есебінен қамтамасыз етілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме