Футбол бойынша Қазақстан біріншілігі тағы кейінге шегерілуі мүмкін

zakon.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантинді екі аптаға - 17 тамызға дейін ұзартуды тапсырды.

Бұған дейін Қазақстан чемпионатының қайта басталуы 3 тамызға жоспарланған деп хабарланған болатын. Енді, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасынан кейін Премьер-Лиганың қайта басталуы тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz.

"Шілдеде енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі жақсарту үшін және Қазақстан мен көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал күрделенуін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантиндік шараларды екі аптаға ұзартуды, содан кейін кезең-кезеңімен жеңілдетуді тапсырды", - деді Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсартуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады