Екі апталық карантиннен кейін бірінші кезекте қандай субъектілер жұмысқа кіріседі?

Отырар
Алдағы екі апта - бұл кәсіпкерлік субъектілерге жұмысқа кірісуге дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік - вице-премьер.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік комиссияның коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шешімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қатаң шектеу шаралары 5 шілдеде енгізілгенін атап өтті.

- Қабылданған шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайды айтарлықтай тұрақтандырды, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалықты азайтты. Күнделікті өсім 4-тен 1,7% -ға дейін төмендеді. Сауығып кеткендердің саны 66% дейін өсті. Науқастармен қамтылған төсек-орын көлемі 90-дан 40 пайызға дейін азайды. 7 аймақта 15 қосымша уақытша аурухана жабылды. Жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін қоңыраулар саны 40% азайды. Оның ішінде коронавирус мәселесі бойынша - 50%, пневмония бойынша - 35%, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі басты міндет - қабылданған шаралардың оң нәтижесін оңтайландыру. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің төрағалық етуімен Мемлекеттік комиссия карантин шараларын екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Тоғжанов қазір екі аптадан кейін бірінші кезеңде ашылатын кәсіпкерлік субъектілер тізімі құрылғанын айтты.

Бұл сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, бөлшек сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сұлулық салондары, балалардың коррекциялық мекемесі, білім беру орталықтары, үйірмелер, балабақшадағы мектепке дейінгі кезекші топтар.

- Алдағы екі апта - бұл кәсіпкерлік субъектілерге жұмысқа кірісуге дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік, - деді вице-премьер.

Әрбір нысан үшін нақты санитарлық шаралар қолданылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты