Ақша айырбас орындарында евро 10 теңгеге бір-ақ қымбаттады

НТВ
Ал мұнай бағасы арзандап жатыр.

31 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы ақша айырбас орындарында евроны 500 теңгеден сатып алып, 505 теңгеден сатып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақша айырбастау орындарында бір доллар 422 теңгеден сатып алынып, 424,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал кеше ғана ақша айырбас орындарында америкалық валютаның құны 421-423 теңге аралығында болса, евро 492-495 теңгеден сатылған еді. Осы жағынан алғанда, евро бір күнде 8-10 теңгеге бір-ақ өскен.

Бренд маркалы мұнай бағасы арзандауда. Нарыққа қатысушылар әлемдегі коронавирус індетінің қайталап бой көтеруі жанармайға деген сұраныстың төмендеуіне алып келеді деп алаңдайды, өйткені ірі мұнай өндірушілер өндірістегі шектеулерді алып тастай бастайды. 30 шілдеде Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қазан айына деген фьючерстерінің бір баррелінің бағасы 43,30 долларға дейін, яғни 1,79% төмендеді, WTI фьючерстерінің бағасы 2,54% төмендеп, 40,22 долларды құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды