Ақтөбе облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

24.kz
Өткен апталарда аурушаңдық деңгейі төмендеп, кейбір провизорлық орталықтар жабылған болатын.

Ақтөбе облысында қауіпті вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Эпидемиологиялық жағдайды бақылап отырған мамандар өткен тәулікте ешкімнің дертке шалдықпағанын мәлімдеуде.

Мұндай жағдай өңірде соңғы төрт айдан астам уақыттан бері болған емес. Яғни, індет жұқтырудың алғашқы дерегі наурызда тіркеліп, бүгінгі күнге дейін үш мыңнан астам адам шалдықты. Өткен апталарда аурушаңдық деңгейі төмендеп, кейбір провизорлық орталықтар жабылған болатын.

"Қазір дертке қатысты аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты", - дейді дәрігерлер қауымы.

Самат Данияров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Облыстың инфекциялық стационарында 337 кереует болса, науқастардың саны 74 қана. Барлығы 22%-ке толтырылған. Бос орындардың саны – 263. Ал, поровизорлық стационарларда 2061 кереуетте 781 ауру жатыр. Қордың 37,9%-і ғана пайдаланып тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды