Шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету шаралары бекітілді

ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.

3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шараларын бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпей қабылдайды.

Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтініштерін қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалады және кредиттік ұйымға электрондық пошта, "банк-клиент" онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа байланыс құралдары арқылы ұсынылады. Кредиттік ұйымда ішкі тәртіппен бекітілген өтініштің үлгі нысаны болуы мүмкін.

Банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, егер қарыз алушының өтінішінде берешекті өтеудің басқа әдісі көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлемдерін қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:

1) жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы);

2) қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;

3) автобус станциялары (автовокзалдар);

4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының;

5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және оны клубтарының жұмысы;

6) тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;

9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;

10) сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;

11) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;

12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке меншік, мемлекеттік тапсырыссыз);

13) жеке меншік орта білім беру ұйымдарының жұмысы;

14) көпшілік іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа көпшілік іс-шаралар, оның ішінде үйде);

15) спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;

16) діни объектілердің жұмысы;

17) косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;

18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет.

Экономиканың басқа салалары бойынша ШОК субъектісі ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды қоса берумен кредиттік ұйымға өтініш бере алады. ШОК-тің бұл санаты үшін өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Кредиттік ұйым жеке тәртіппен бағалауды жүзеге асырады және қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде кемінде 90 күннен аспайтын мерзімге кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.

Агенттіктің 2020 жылғы 3 тамыздағы №311 бұйрығының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы кіре отырып алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: