Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болып қалды

Қазақстанның бокс федерациясы
Ұлттық құрама Токио Олимпиадасына дайындалуда.

Бокстан ұлттық құрама капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азияның екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жақын арада кәсіпқой рингке шығатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның мақсаты – Олимпиада ойындарының алдында тәжірибе жинақтау.

– Мен кәсіпқой боксқа әлі ауыспаймын, тек Алматыда өтетін бір кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығамын. Өйткені қазір әуесқой бокстан өтетін турнирлердің бәрі тоқтап тұр, маған тәжірибе керек. Бұл шешімді менің дайындығыма жетекшілік ететін құраманың бас бапкері Ғалымбек Қалиұлы Кенжебаев та қолдай кетті. Кәсіпқой боксшымен жекпе-жек өткізу – дайындықты пысықтауға пайдалы. Кәсіпқой рингте бір-екі кездесу өткізуім керек сияқты. Қазір тәртіп бұрынғыдай емес, кәсіпқой бокстағы тәжірибе әуесқойлар арасындағы турнирлерге қатысуға кедергі болмайды. Біз келесі жаздағы Токио Олимпиадасына дайындалып жатырмыз. Менің Олимпиадағы мақсатым – медаль алу, деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз